Астана әуежайының кірісі 100 млрд теңгеге жетті

31 Қаңтар 2023, 10:20 821

Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі мәлім етті

Елорда әуежайының таза табысы 5,3 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорданың әуе айлағы соңғы 5 жылда алғаш рет операциялық және таза табысқа жетіп, бір жылдағы жиынтық кіріс 100 млрд теңгеден асты.  Жалпы операциялық пайда 25 млрд теңге дерлік болса, таза табыс 5,3 млрд теңгені құрайды.

Ішкі тасымалдаудың белсенді өсуінің арқасында елорда әуежайы өз тарихында алғаш рет өткен жылы алты миллионыншы жолаушыға қызмет көрсетті.  Бұл рекордтық көрсеткішке айналды.  Жалпы, өткен жылдың қорытындысы бойынша 2021 жылмен салыстырғанда 24 пайыз, 2019 жылмен салыстырғанда 30 пайыз өсім байқалды.

EL.KZ
Бөлісу: