Астана әуежайының ақылы тұрағы қымбаттай ма

Кеше, 21:02 145

Агенттіктің астанадағы департаментінің ескертуінен кейін елордалық әуежай ақылы тұрақ аймақтарында бағаның өсуіне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, агенттіктің Астана қаласы бойынша департаменті «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-ға қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға жол бермеу туралы ескерту жасады.

Бұған дейін әуежайдың Instagram-дағы ресми аккаунтында ақылы автотұрақ аймақтарында тарифтердің өсуі туралы ақпарат жарияланған болатын.

Зарина Арман
Бөлісу: