Астана әуежайында шетелдік жалған төлқұжатпен ұсталды

24 Қазан, 10:47 339

ҰҚК Шекара қызметі Астана қаласының халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасының жалған төлқұжатымен кіру үшін шекарадан өтуге әрекеттенген шетелдік азаматты ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Материалдар тиісті шара қабылдауы үшін полиция органдарына берілді.

2024 жылдың басынан шекарашылар мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде жарамсыз және бөгде адамдардың төлқұжаттарын пайдаланудың 198 фактісін жойды.

ҰҚК шекара қызметі жалған құжаттарды пайдаланып, шекараны бұзған үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: