Астана әуежайында декларацияланбаған коллекциялық монеталарды алып өтпек болған қос азамат ұсталды

7 Қазан 2023, 17:45 839

Астана қаласының халықаралық әуежайында ҰҚК Шекара қызметі шекаралық бақылау басқармасының әскери қызметшілері прокуратура және әуежайды тексеру қызметімен бірлесіп, декларацияланбаған коллекциялық монеталарды алып жүрді деген күдікпен Қазақстанның екі азаматын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алдын ала деректер бойынша номиналы 100 және 50 мың теңге, сондай-ақ салмағы 2 және 1 кг монеталар тиісінше 999 сынамалы алтыннан жасалған.

Тәркіленген заттың алдын ала кедендік құны шамамен 85 млн теңгені құрайды. Құқық бұзушылар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін құзыретті органдарға берілді.

Асқар Таудай
Бөлісу: