Астана әуежайы уақытша жабылады

4 Қазан 2023, 18:37 726

Астана қаласының әуежайы жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Астана қаласының Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайының 11 қазан, 16 қазан және 18 қазан күндері 13:20 - 17:20 уақыт аралығында жабылады.

Әуежайдың жабылу себебі, ұшу-қону жолағында жүргізілетін жөндеу жұмыстарына тікелей байланысты.

Лоукостерлер жолаушыларға ыңғайлы уақытты ұсыну мақсатында жаңа ұшу кестесін қарастырған.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: