Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс әкімдерінің өкілеттілігі тоқтатылды

26 Қараша 2022, 14:04 1642

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті

Мемлекет басшысы Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 5-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі" , - делінген қаулыда.

 

EL.KZ
Бөлісу: