Биыл 15 маусымда елордадан Алакөл курортты аймағы бағытында "Астана- Достық" №257/258 бағдары бойынша алғашқы пойыз жөнелтілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Пойыз аптасына екі рет: астанадан – жексенбі, бейсенбі сайын, Достық станциясынан – дүйсенбі және жұма сайын қатынайды. Пойызға 346 жолаушы сияды. Бағдардың Астанадан Алакөлге дейінгі ұзындығы 1399 км. Пойыз жолда - 21 сағат 45 минут жүред, - делінген хабарламада.