Астана әкімі әйелдер қауымын төл мерекесімен құттықтады

8 Наурыз, 19:05 465

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында нәзікжандылар қауымын құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құрметті, елордамыздың нәзікжандылары! Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн ерекше жылулыққа, қуаныш пен шаттыққа, жылы сезімдерге, сол сияқты сіздердің сұлулықтарыңызға деген шынайы ризашылыққа толы. Сіздер түрлі салаларда еңбек етіп жүрсіздер. Ұрпақ тәрбиелеп, науқастарды емдеп қана қоймай, қаламыздың тіршілігін қамтамасыз етіп, қоғамымыздың дамуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер", - деді Ж.Қасымбек. 

Ол әйелдер қауымының ерен еңбегіне де тоқталды.

Сіздердің еңбектеріңіз бен қажырлы қызметтеріңіз елорданың өсіп-өркендеп, гүлденуіне септігін тигізеді. Біз сіздерді мақтан тұтамыз және жұмыстарыңызға деген адалдықтарыңыз бен кәсіби біліктіліктеріңіз үшін алғыс айтамыз. Өмірлеріңіз тек бақыт пен қуанышқа, махаббатқа толы болып, арман-мақсаттарыңыз орындала берсін! Отбасыларыңыз бен жақындарыңыздың жүзінен күлкі кетпесін! Мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті қыз-келіншектер, – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Асқар Таудай
Бөлісу: