Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында АЭС бойынша дауыс бергені туралы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Таңертең №211 сайлау учаскесіне барып, дауыс бердім. Қалада 460 сайлау учаскесі ашылды. Тұрғындар дауыс беру үшін өз учаскелерін ресми веб-қызмет: https://referendum.astana.kz/, Telegram чат-боты: https://t.me/referendum_astana_bot, IKomek бірыңғай байланыс орталығының 109 нөмірі, «Smart Astana» мобильді қосымшасының «New» бөлімінде – «Референдум учаскесін іздеу» арқылы біле алады.
Бүгін сайлау учаскелерінде еңбек етіп жүргендердің бәріне алғыс білдіремін! – деп жазды Жеңіс Қасымбек.