Астана әкімдігінің бұрынғы қызметкерінің атынан жалған хабарлама тарады

30 Шілде, 20:18 492

Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің бұрынғы басшысының атынан жалған хабарлама таратылғанын ескертті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

WhatsApp мессенджерінде әкімдіктің баспасөз қызметінің бұрынғы басшысы атынан көрсетілген нөмір бойынша қала әкімімен байланысқа шығу туралы жалған хабарлама жіберіліп жатыр. Өтініш, мұндай хабарламаларға жауап бермеңіздер және күмәнді сілтемелерді ашпаңыздар. Бұл істі интернет-алаяқтар жасағаны анық, сақ болыңыз!, - деп жазылғанхабарламада.

Зарина Арман
Бөлісу: