Астанаға Беларусь президенті Александр Лукашенко келді

12 Қазан 2022, 20:21 1187

Елорда әуежайында оны ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды

Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко жоспарланған халықаралық іс-шараларға қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды El.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорда әуежайында оны ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды. Астанада Александр Лукашенко Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі VI саммитке АӨСШК бақылаушы мемлекет басшысы ретінде және ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады.

Бөлісу: