«Астана» ұлттық сурет галереясында «Кескіндеме» залының тұсауы кесілді

11 Желтоқсан 2014, 10:00

Қазақстандағы бейнелеу өнерінің баға жетпес інжу-маржандарын жиып-терген «Астана» ұлттық сурет галереясында «Кескіндеме» залының тұсауы кесілді.

«Мен сурет салуды таудың бұлағынан, қойдың құлағынан,

ешкінің мүйізінен, анамның оюынан үйрендім»

Әбілхан Қастеев

 

Қазақстандағы бейнелеу өнерінің баға жетпес інжу-маржандарын жиып-терген «Астана» ұлттық сурет галереясында «Кескіндеме» залының тұсауы кесілді. Залда отандық бейнелеу өнерінің негізін қалаушылар Ә.Қастеев, А.Исмаилов, Н.Хлудов, К.Қожықов, А.Черкасский, П.Зальцман, А.Бортников, сондай-ақ кәсіби суретшілер С.Айтбаев, Ш.Сариев, Ж.Шарденов, М.Кенбаев, А.Ғалымбаевалардың еңбектері келушілер назарына ұсынылған.

 

Барлық суреттерді көру үшін мына сілтемемен жүріңіз.

«Кескіндеме» залы туралы толық ақпарат:

Кескіндеме залы экспозициясында Қазақстанның бейнелеу өнері мектебінің дамуына үлес қосқан алғашқы кәсіби суретшілердің еңбектері ұсынылған.

Қазақстанның кәсіби кескіндеме мектебінің құрылу тарихын, төмендегі суретшілердің туындыларынан аңғаруға болады: Ә.Қастеев, А.Исмаилов, Н.Хлудов, К.Қожықов, А.Черкасский, П.Зальцман, А.Бортников, сонымен қатар, аталған кескіндемешілердің қатарына кіретін, бірақ авангард бағытының өкілі саналатын С.И.Калмыков. Аталмыш өнер иелерінің шығармалары Қазақстанның классикалық кескіндеме өнерінің қалыптасуына зор ықпалын тигізді. Өз шығармаларында суретшілер өткен жүз жылдықтағы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне терең мән берген. Олардың шығармалары бір мезгілде үйлесімді әрі қарама-қайшы болуымен қатар, дәстүрлі өнердің қарқынды дамуына ықпал еткен нығайтқышқа айналды.

Кәсіби кескіндеменің 1920 жылдан бастап белсенді дамуы байқалады, нақты техникалық біліктілік социалистік және соцреализм тақырыптарында сипат алды. Бұған қоса суретшілер кеңестік соцреалистік өнердің кеңістігіне сіңісіп кетпей, ұлттық мектептің негізін қалай білді.

Кеңес кезіндегі өнерде көптеген суретшілер соцреализм тақырыптарын бұзбай, импрессионизмнің «орысша нұсқасын» техникалық амалдары мен стилистикалық принциптерін қолданды. Бұл бағыттың ерекше көркемдігіне қармастан, суретшілер өз шығармаларында ҰОС жылдарын, тың игеру және Целиноградтың құрылуы сияқты маңызды және фундаментальді тақырыптарды айрықша әспеттей білді. XX ғасырдың қырықыншы-елуінші жылдарында шеберлердің «қайғырушы және мәңгілік» кенептерінде көрініс тапқан техникалық шеберліктің бекем қалыбының құрылу кезеңі болды.

Алдыңғы буын шеберлерінің тәжірибесінде құрылған «жаңа өнер» экспозицияның ең ауқымды бөлімі болып табылады, бейнелеу өнерінде ұлттық қолтаңба, стиль және айқын көріністерді көруге болады.

1960 жылдары және XX ғасырдың екінші он жылдығында жұмыс жасаған суретшілер буыны композицияның жекелеген түстік құрылымы мен икемді өзіндік стилін жасап шығарды. Кенептерде өзгеше техникалық ізденістер ерекше көзге түседі. Сол кезең суретшілерінің символикалық кенептері дәстүрлі ландшафттан қалалық пейзажға, тарихи көпқырлылықтан камералық композицияға дейінгі жанрлық сан-түрлілік пен кең диапазонды сипаттап көрсетті. Нәтижесінде символизмді, примитивизмді және аңғырт өнерді әрі қарай қалыптастырған постимпрессионистік қағидаттар негізінде құрылған көркемсурет тіл пайда болды. Бұл бағыттың туындылары кескіндемеге кең ауқымдылық және мазмұн өткірлігін алып келді. Мұны М.Кенбаев, Б.Табиев, С.Айтбаев, С.Романов, Ж.Шәрденов, А.Ғалымбаева және т.б. туындылардан көруге болады.

Экспозицияның кесіндісінде, жетекші аймақтардың түйіскен тұсында А.Билыктың «Шопан мен қозының портреті» мүсіні ұсынылған. Еңбек көрерменге рухани қырынан әсер етіп, бейнелеу өнерінің негізгі қырларын қабылдайды. Бұл – тастың байсалдылық ерекшелігі, сюжеттің импрессивтігі және мүсінші-классиктің қайталанбас шеберлігі болып табылады.

Бөлісу: