31 қаңтар күні 20:13-те Жаңаөзен қаласының “Қызылсай” кентінен жедел жәрдем қызметіне тұрғындардан іштің ауырсынуына байланысты шақыру түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
“Жедел жәрдем бригадасы барлығын қарап, тексеруден өткізді.
37 адамның ішінен төртеуі ауруханаға жатқызылды (1 ересек, 3 бала). Қалғандары үй жағдайында амбулаторлық ем алуға жіберілді. Қазіргі уақытта балабақша жабылып, уәкілетті органдар тексеру жүргізіп жатыр, - деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.