Ассамблея келісімді нығайтуда жақсы жұмыс атқарып жатыр - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары

26 Сәуір 2023, 13:46 1067

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясында «Этносаясаттың өңірлік аспектілері бойынша интенсив» тақырыбы негізінде жиын өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

 Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінен бастады. Мемлекет басшысы VIII сайланған Мәжіліс Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында еліміздің басты мақсаты – әділетті Қазақстанды құру деп атап өткен болатын.

Бүгінде 87 этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Әр этнос – біздің байлығымыз және аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы тірегі. Бұл ретте облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық этностардың өзара әрекеттесуі мен олардың мүдделерін үйлестірудің басты байланыстырушы бірегей алаңына айналды, - деді Еркін Құлымбайұлы.

Сондай-ақ әкімнің орынбасары Қазақстан халқы Ассамблеясының шығармашылық әулеті бүгінде аймақтағы этносаралық татулық пен келісімді нығайту аясында жақсы жұмыс атқарып келе жатыр дейді.

Мемлекеттің дамуы мен өсіп-өркендеуінің темірқазығына айналған этносаралық татулық пен өзара келісімді сақтау және оны бағалай білудің маңызы әрқашанда зор.Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең жоғарғы байлығымыз. Оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болуы тиіс. Ер бірлігін сақтауға барлығымыз атсалысайық, - деді әкім орынбасары.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: