Ассамблея бейбітшілік пен түсіністік алаңына айналған – Максим Рожин

Бүгiн, 17:09 163

Ертең екі күнге жалғасатын Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІV сессиясы басталады. Ассамблеяның кезекті сессиясы қарсаңында оның рөлі жайында Мәжіліс депутаты Максим Рожин BAQ.KZ-ке пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тәуелсіздік туы астында барлығымыз да өскелең ұрпақ үшін елдің амандығын, дамығын Қазақстанды арамандайтынымыз айқын. Ал осыған қалай жетеміз деген сұрақ бар. Бұл бағытта атқарылатын жұмыс аз емес. Оның бір бөлігін Ассамблея институты еліміздің белсенді азаматтарын, этнос өкілдерін, мәдениеттерді, дәстүрлерді біріктіріп, халықтың бірлігі мен бейбітшілігін нығайтуда маңызды рөл атқарады. Ассамблеяның қалыптасуы – бұл тек бір ұйымның пайда болуына емес, еліміздің тұтастығы мен азаматтық бірегейлігінің негізін қалау әрекеті деп түсінемін. Тәуелсіздік алған сәттен бастап, Ассамблея бейбітшілік пен түсіністік алаңына айналған, - деп атап өтті депутат.

Айтуынша, Ассамблея еліміздегі барлық этностарды консолидациялау мақсатында жұмыс істейді.

Қазіргі таңда Ассамблея белсенді деген 2 мыңнан астам адамды біріктіріп, елдің әр бұрышында диалог алаңдарын қалыптастырып келеді. Бұл азаматтар диаспораларда, достық үйлерінде, еркітілер мен белсенділер арнай жоба жүргізіп, елдің дамуы мен аман болуына атсалысып келеді. Бүгінде Ассамблея кеңесші органнан Парламентте мүдделерін білдіруге құқығы бар конституциялық институтқа айналды. Сенатта Қазақстан халқы ассамблеясы атынан бес өкілдің болуы – бұл тек тиісті тұрғыдан емес, сонымен қатар азаматтардың заңдарды жасау процесіне қатысуына мүмкіндік береді. «Бір ел – бір мүдде» парламентаралық депутаттар тобының құрылуы да Ассамблеяның бірлікті барлық деңгейде насихаттаудағы рөлін көрсетеді.

Меніңше, Ассамблеяның басты жетістігі — әрбір азаматтың этностық тегіне қарамастан өзінің тілі мен мәдениетін дамытуына мүмкіндік беру. Бүгінде мемлекеттік тіл еліміздегі этносаралық қатынастардың ортақ тіліне айналуына, бір-бірімізбен түсіністік орнатуға негіз салады. Этносаралық қатынастарды келесі бір деңгейге шығаруға, осы қарым-қатынасты ғылыми тұрғыдан зерттеуге бүгінде негіз салынып жатыр. Арнайы кафедра құрылып, медиатор мамандар, этносаясат мамандары даярланып келеді. Олар болашақта Ассамблея жұмысын тек жақсарта түседі деп сенемін, - деді Максим Рожин.

Сонымен қатар Ассамблея – тек диалог алаңы ғана емес, бейбітшілік пен ұлттық бірлік жолындағы маңызды тетік екендігіне тоқталды.

Ассамблея – бұл тек диалог алаңы ғана емес, сонымен қатар бейбітшілікті сақтап, ұлттық бірлікті нығайту жолында маңызды, сенімді тетік. Оның қызметі патриоттық сезімді, ортақ үйге деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға бағытталған, бұл ретте әрбір азамат еліміздегі этносаралық татулық пен келісімнің мықты негізі ретінде қабылдайды. Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысымен бірге, азаматтардың азаматтық бірегейлігін, тең құқықтылықты, тілдік саясаттың тұрақтылығын дамыту — этносаралық қақтығыстардың алдын алудың және мемлекеттілікті нығайтудың басты шарты. Осылайша, Ассамблея еліміздің этносаралық бейбітшілік пен келісім моделінің болашағын қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Қазақстан халқы ассамблеясы – бұл біздің қоғамның бет-бейнесі, бейбітшілік пен тұрақтылықтың символы. Оның қызметі арқасында, әрбір азамат өзіне тиесілі орын таба алады, ал еліміз ынтымақтастық, келісім мен түсіністік негізінде дамуға жол ашады, - деді Мәжіліс депутаты.

EL.KZ
Бөлісу: