Асқар Забикулинді жақындары соңғы сапарға шығарып салды

22 Қараша 2022, 18:53 3359

Дәрігерлер Асқар Забикулиннің өмірін сақтап қалу үшін бірнеше күн күресті

Бүгін Көкшетау қаласында ерлікпен қаза тапқан азаматтық қорғау капитаны Забикулин Асқар Серікұлын әріптестері мен туған-туыстары соңғы сапарға шығарып салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Сағат 12.00-де республика бойынша Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Асқар Забикулин туған жерінде, Еңбекшілдер ауданы, Казгородок ауылында жерленді», делінген ТЖМ хабарламасында

Айта кетейік, дәрігерлер Асқар Забикулиннің өмірін сақтап қалу үшін бірнеше күн күресті. Алайда 20 қарашада ол ауруханада көз жұмды. Асқар Забикулин 16 қарашада Астанада өрт шыққан үйден тұрғындарды құтқарған. Өрт кезінде тағы бір өрт сөндіруші зардап шекті.

Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс жүргізілуде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өрт сөндірушілерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Асқар Забикулиннің отбасына үш бөлмелі пәтер беріледі. Елорда көшелерінің біріне Асқар Забикулиннің есімі беріліп, бюсті орнатылады.

EL.KZ
Бөлісу: