Асқар Забикулинді еске алу турнирі мәресіне жетті

19 Тамыз 2023, 17:25 1238

Төтенше жағдай саласы бойынша алты өңірдің құтқарушылары Асқар Забикулинді еске алды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

18 тамызда өрт сөндіру кезінде қаза тапқан батыр Асқар Забикулиннің туған жері Біржан Сал ауданындағы Степняк қаласында шағын футболдан турнир өтті.

Қатысушылар Астана қаласы ТЖ департаментінің өрт сөндірушісі Асқар Забикулинді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Қарағандылық құтқарушылар, екінші орынды Павлодар облысының және үшінші орынды Ақмолалық құтқарушылар иеленді.

Асқар Таудай
Бөлісу: