Қазақстанның бұрынғы Премьер-министрі Асқар Мамин Ташкентте өткен марапаттау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды El.kz.
Pro.ligasy.kz сайтының мәліметінше, Өзбекстан астанасында Parimatch-Pro Hokei Ligasy-ның 2022/23 маусымының жабылу салтанаты өтті. Іс-шараға Қазақстан хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин, Өзбекстан хоккей федерациясының президенті Бахтиёр Фазылов, ҚХФ бас директоры Глеб Каратаев пен Өзбекстан хоккей федерациясының бірінші вице-президенті Баходыр Гафуров қатысты.
Еске салайық, Асқар Мамин Премьер-министр лауазамын 2021 жылғы 15 қаңтар 2022 жылғы 6 қаңтар аралығында атқарды. Бұл қызметке Әлихан Смайылов тағайындалды.