"Аспандағы жұлдыз. Тілек ағашы": Тұрсынбек Қабатовтың әйелі кино түсірді

5 Желтоқсан 2023, 16:22 4867

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанованың “Аспандағы жұлдыз. Тілек ағашы” атты фильмін YouTube платформасынан тамашалауға болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тағы бір арманым орындалып, тағы бір мақсатым айқындала түсті. Өмірдегі басты миссиям – саналы ұрпақ тәрбиелеу. Өзімнің 5 балама қарап отырып, қазіргі өсіп келе жатқан балалардан да патриот, ана тілін қадірлейтін азаматтарды көргім келеді. Асхат Садырбайға берген сұхбатымда тілге қатысты айтылған әңгімемнің бір үзіндісі көпшілікке тарап, қазағымның тіл жанашырларына ой салған еді.
Ол жай айтыла салған сөз емес, расымен мені тіл тазалығына, ұлтыма деген махаббатым осы киноны түсіруіме қанат бітірді. Балаларымыздың ютубқа байланып қалғаны жасырын емес, “ютуб қарама, орысша контент қарама, қазақша сөйле деп” баламызға қысым жасай беру – шешім емес, қазақша контент жасауға атсалысуымыз керек. Тамшыдай болса да септігім болсын деп өнерлі оқушыларымен тәрбиелік мәні бар кино түсірдім, - дейді өнер иесі.

Мөлдір Мұқанова фильмнің презентациясын арнайы кинотеатрда жасап, Канн фестивалінен кем болмағанын атап өткен.

Орталыққа келген оқушыларымның барлық бала секілді сөйлесу тілі орысшалау еді. Актерлік шеберлік үйірмесі ұстазының еңбегімен тіл тазалығы, сахна тілі сабақтарын өтіп, кастинг арқылы киноға түсіп, көзқарасы да көп өзгерді. Бір баланың болса да, қазақ деген жүрегіндегі махаббатын оята алғаныма өзімді “бақытты қазақ қызы” сезініп отырмын. Жүрегіме сәл де болса тыныштық орнады. “Мен не істей алдым?” деген сұрақтарыма жауап тапқандаймын. Әлі де еңбек етуге, ұлтымды сүюге, ұрпағымыздың патриот болып өсуіне септігімді тигізгім келеді!, – деп жазды Мөлдір Мұқанова.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мөлдір Мұқан (@moldir.mt)

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: