Бұл құжат ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 734 қаулысына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді. Құжат әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауды, қайта есептеуді, тоқтатуды, тоқтата тұруды, қайта бастауды және жүзеге асыруды егжей-тегжейлі көрсетуге бағытталған.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде 2024 жылғы 9 қаңтарға дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14873512 сілтеме бойынша танысуға болады.