Әскерилер арасында "Бекет-2024" кешенді оқу-жаттығуы басталды

14 Мамыр, 06:41 885

Павлодар облысында "Бекет-2024" кешенді оқу-жаттығуы басталды. Оқу-жаттығуға қатысушылар дағдарыстық жағдайларды еңсеру мен сыртқы қауіп-қатерлерге қарсы тұрудың түрлі сценарийлерін пысықтайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

Іс-шаралар орталық мемлекеттік органдар мен Қорғаныс министрлігін, ҰҚК, ІІМ, ТЖМ және Ұлттық ұланды қоса алғанда, күштік ведомстволардың өкілдерін тарта отырып өрбиді.

Бес күндік "Бекет-2024" кешенді оқу-жаттығуына аумақтық қорғаныс әскерлері жергілікті бөлімшесінің жеке құрамы қатысады. Олар блок бекеттерді өрістету, стратегиялық объектілердің күзеті мен қорғанысын ұйымдастыру мәселелерін пысықтайды.

Іс-шара уәкілетті органдар мен аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің жұмылдыру дайындығының жай-күйін тексеруге, ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз етуге және ведомствоаралық күштердің өзара іс-қимыл элементтерін пысықтауға бағытталған.

Перизат Саденова
Бөлісу: