Әскери билетті заңсыз берген: БҚО-да қорғаныс бөлімінің қызметкері қамауға алынды

26 Сәуір 2023, 17:45 1081

Батыс Қазақстан облысында аудандық қорғаныс істері бөлімінің қызметкері бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінен мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Аталған лауазымды қызметкер әскерден жалтарғандарға әскери билеттерді заңсыз бергені үшін бірнеше рет пара алған деген ақпарат бар. Күдікті тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды, - деп хабарлады ведомства.

Равиль Ашығали
Бөлісу: