Әскерге шақыру үшін іздестіріліп жатқан жастар саны 2 есе азайды

18 Шілде 2023, 17:45 928

Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметке шақыртылуы тиіс жастарды іздестіруге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомствоның мәліметіне қарағанда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жыл сайын Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарының қатарын әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негізі жоқ 18-бен 27 жас аралығындағы 37 мыңнан астам ер азамат толықтырады.

Атап айтқанда, бұған дейін әскерге шақыртылуы тиіс жастарды іздестіруге түрлі себептер әсер етіп отырғанын хабарлаған едік. Олар жұмыс бабымен тұрғылықты жерінен көшіп кеткенімен әскери есептен шықпайды. Сондықтан, оларды іздестіруге тура келеді. Олар әскерге шақыру пунктеріне шақыру қағазы бойынша келмейді. Осы орайда, бұл адамдардың тізімі жасалып, іздеу жүргізіледі.

Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу кезеңінде сыртқы әрі ішкі көші-қонға байланысты проблема болып жатады. Бұл ретте жыл сайын әскерге баратын жастағы 25 мыңнан астам азамат әскери есептен шықпай, еліміздің басқа өңірлеріне кетіп жатады немесе тұрғылықты жерін ауыстырады. Сондықтан, осы санаттағы жастар іздестірілуге беріледі
, - делінген Қорғаныс министрлігінің «ҚазАқпарат» агенттігіне берген жауабында.

Ведомство мәліметінше, былтырмен салыстырғанда іздестіріліп жатқан адамдар саны 12 мыңға дейін азайды. Бұған жауапты мемлекеттік органдар қызметінің белсенді атқарылуы мен SMS-хабарламаны жолдау тәртібінің енгізілуі оңтайлы әсер еткен.

Равиль Ашығали
Бөлісу: