Әскерге барған жастар ЖОО-ға тегін түсе алады

17 Мамыр, 17:14 302

Елімізде мерзімді әскери қызмет өткерген 1500 азамат жоғары оқу орындарына тегін түсе алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әскерде борышын өтеп жүрген сарбаздарды оқу орындарына бөлу жөніндегі комиссияның кезекті отырысында  министрдің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев осы жылдың күзінен бастап мерзімді әскери қызмет кезеңінде көзге түскен жастар тегін білім алуға мемлекеттік грант алып қана қоймай, стипендия да алатынын айтты.

Министрліктің бастамасымен әзірленген «Срочники 2.0» цифрлық платформасында сарбаздардың жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық даярлығына баға қойылады. Осылайша, іріктеу ашық жүргізіледі. Ал оқу орындары бойынша орындар әрбір сарбаздың бағасына қарай автоматты түрде таратылады.

Биыл Қарулы күштер, Ұлттық ұлан мен Төтенше жағдайлар министрлігінің қатарында қызмет еткен 16 630 сарбаздың 10 268-і жеңілдікпен жоғары білім алуға шешім қабылдады. Былтыр көктемде әскерге шақырылған сарбаздар тегін оқуға түсті. Енді биыл күзгі шақырылымның сарбаздары арасында 1,5 мың орын таратылады.

 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: