Әскердегі қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау үшін «Өміріңді сақта» бағдарламасы іске асырылады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша орны толмас шығынды барынша азайту мақсатында арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына Қауіпсіздік Кеңесінің, Бас əскери прокуратураның өкілдері, əлеуетті құрылымдар басшылары кірді жəне «Өміріңді сақта» бағдарламасы бекітілді. Ол əскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтауға, əскери тəртіп пен құқық тəртібі жай-күйінің төмендеуінің теріс үрдісін жоюға, əскери тəрбие беру мен оқытудың қолданыстағы жүйесін одан əрі дамытуға жəне жетілдіруге бағытталған», - деді Сұлтан Қамалетдинов.
Қабылданған шаралар арқылы орны толмас шығынның, оның ішінде мерзімді қызметтегі əскери қызметшілер мен курсанттар арасындағы шығынның 21 пайызға азаюына қол жеткізілгенін атап өтті.