Ауыл шаруашылығы министрлігі департаменті директорының бұрынғы орынбасары жемқорлық бойынша күдікке ілікті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Астана қаласы бойынша департаменті ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі департаменті директорының бұрынғы орынбасарына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.
Ол аффилиирленген компанияны қызметтік көлікті жөндеуге заңсыз тартуға күдікті, ол арқылы бюджет қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып, ұрлап әкеткен, бұл мемлекетке 3 млн теңгеден астам шығын келтіруге әкеп соқтырған, - делінген Антикор мәліметінде.
Тергеу жалғасуда.