«Әшекейді шешіп алмақ болған». Автобуста қалта ұрысы видеоға түсіп қалды

10 Маусым, 17:44 1450

Алматыда автобустардың бірінде қалта ұрысы видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Оқиға куәгері әйелдің мойнынан алқасын шешіп алмақ болған ер адамды видеоға түсіріп алған.

Кадрлерде ер адам орындықта отырған әйелдің мойнынан алқасын шешіп алуға тырысып жатады. Бұл қылмысын басқалар байқамас үшін қолын күртесімен жауып алады. Куәгердің айтуынша, ол жалғыз болмаған. Өздерін видеоға түсіріп жатқанын байқаған соң, көліктен түсіп қалған.

Алматы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, күдікті анықталған.

Оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені өткізіледі. Күдікті міндетті түрде жауапқа тартылады, - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: