Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген «Ордабасы» клубында қалуды жөн көрді. Бұл туралы Meta-ratings-ке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дереккөз мәліметінше, футболшы бұл шешімді жазда қабылдап қойған. Жаңа келісім 2024 жылғы қаңтардан басталады.
Естеріңізге сала кетейік, Тағыберген шымкенттік клуб сапында 2023 жылғы қаңтардан бері өнер көрсетеді. Биылғы маусымда «Ордабасы» тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанды.