Асхат Тағыберген мен Бахтиёр Зайнутдиновке «Ерен еңбегі үшін» медалі берілді

24 Қазан 2023, 09:20 1323

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Солардың қатарында спортшылар да бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары Асхат Тағыберген, Бахтиёр Зайнутдинов және Максим Самородов «Ерен еңбегі үшін» медаліне лайық деп танылды.

Пара жеңіл атлетика спортшысы, бірнеше республикалық сайыстардың жеңімпазы Айсұлу Сүлейменоваға «Шапағат» медалі табысталды.

Айта кетейік, «Қазақстанның халық жазушысы» мен «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағын иеленгендердің есімі белгілі болды

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: