Асхат Аймағамбетов қатерлі ісікке шалдыққан науқастың бір реттік шығынын есептеп берді

10 Маусым, 12:46 805

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов онкология бойынша қажетті зертханалардың жоқтығынан науқастардың анализі шет елдерге жіберілетінін айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Депутаттың сөзінше, елімізде моликулярлы-генетикалық зертханалар 6 өңірде ғана бар. Ал референс онкогемотологиялық зертханалар жоқ.

Науқастардың анализі шет елдерге жіберіледі. Дегенмен зертханаларды бізде де ашуға болатын еді ғой! Осы үшін де арнайы кешенді жоспар жасалған болатын. Астана қаласын қоспағанда, басқа өңірлерде орталықтандырылған дәрі-дәрмектерді ұлғайту кабинеттері қарастырылмаған. Тіпті МРТ, КТ сияқты жоғары технологияларды сатып алудың қажеті жоқ деген ойлар бар. Өнімдерге сұранысты үнемдеу керек (деген пікірлер де болды – ред). Бүгінде ауруды емдеу 37 пайызды көрсетіп отыр. Бұл көрсеткіш бойынша 70 пайызға жеткізуіміз керек, - деді мәжілісмен.

Аймағамбетов науқастар емнің жетіспегенінен емес, технологиялардың тым ескіріп кеткенінен қайтыс болып жатқанын айтты.

Қатерлі ісік ауруына шалдыққан азаматтарға бөлінетін қаржы 20 пайызға қысқарады. Бұл науқастарға өте ауыр тиеді. Бұл не нәрсеге әкеліп соғады? Бүгінде онкологияға шалдыққан науқастар қарапайым химиялық-терапиялық емдеуден басқа қымбат терапияларға жүгінеді. Науқастар қашанға дейін қымбат дәрі-дәрмектер мен терапияларды қабылдамақ? - деді ол.

Депутат онкологияға шалдыққан науқастың бір реттік шығынын есептеп берді.

Мысалы, сүт безі қатерлі ісігіне байланыс таргетті химия-терапия алу үшін хаттама бойынша «кадсила» препараты керек екен. Басқа шығындарды есептемегенде, бір ем курсы үшін тарифы - 1 млн 924 мың теңге. Бұрынғы тариф бойынша 1 млн 810 мың теңге болған. Сондағысы 140 мың теңгеге төмен. Енді хирургиялық әдіспен бұл тәсілдерді алып тастағанда, ем қабылдау курсы 500 мың теңгені құрайды, - деді Аймағамбетов.

Миражан Махан
Бөлісу: