Асхат Аймағамбетов мектеп тапшылығына себеп болған үш басты факторды атады

1 Қыркүйек 2023, 17:23 6733

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов еліміздегі мектеп тапшылығы мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл мәселеге қатысты үш фактор бар. Біріншісі – демография, бала туу көрсеткіші. Екіншісі – урбанизация, қалаларға көшу мәселесі. Үшіншісі – қалаларды салғанда тиісті инфрақұрылымды дайындамай, көпқабатты үйлерді салуға рұқсат беру. Осы үшінші мәселенің кесірінен біз үш ауысымды оқу жүйесіне тап болып отырмыз, - деді депутат.

Асхат Аймағамбетов әр қалада үйлерді толық жайғастырудың жобасы белгіленгенін айтады.

Мысалы, бір жерде бір ауысымда жұмыс істейтін мектеп тұр. Оның жанына 5-15 қабатты үй салсаң, жаңағы мектеп бір жылдан кейін үш қабатты болып шыға келеді. Сондықтан үлкен мәселенің бірі – құрылыс кезінде инфрақұрылымның дайындығына қарамай, үй салуға мүмкіндік беру. Сол себепті біз қазір депутат ретінде Үкіметке арнайы норманы енгіздік. Енді үйді салуға рұқсат бермес бұрын бірінші кезекте инфрақұрылымды дайындап алу қажеттілігі туындауы мүмкін, - деді ол.

Мәжіліс депутатының айтуынша, үй салу бойынша ойланбай қабылдаған шешім басқа да әлеуметтік нысандарды салуға кері әсерін тигізеді. Қазір депутаттар аталған мәселе негізінде Үкіметке тиісті заң жобасын жіберіп, қорытынды жауапты күтіп отыр.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: