Асхат Аймағамбетов балалар арасындағы әлімжеттік туралы айтты

12 Сәуір 2023, 13:11 1315

Соңғы кездері жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік көбейіп кетті. Осыған қатысты Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Балалар арасында әлімжеттік мәселесі бар. Оны жоққа шығаруға болмайды. Бұл мәселені шешу - мектептің, колледждің  және басқа да білім беру ұйымдарына ғана тиесілі емес.  Бұл жалпы қоғамға байланысты, қоғамдағы құндылықтарға байланысты. Бала тәрбиесіне келгенде ата-ана немесе мектеп деп шектелмей, барлығы бірге жұмылып жұмыс істеу керек. Бірлесіп шешім қабылдаған жөн, -дейді Асхат Аймағамбетов.

Қызылорда облысы Қазалы ауданында 6 сәуір күні екі адам мектеп оқушысын аямай соққыға жыққан еді. Салдарынан 15 жасар жасөспірім бас сүйек-ми жарақатын алған болатын. Осыдан кейін директордың екі орынбасары қызметінен босатылды.

Аудандағы Батыржан Шалғынбаев атындағы 217 ІТ мектепте жоғары сыныптың екі оқушысы төбелесіп қалған. Сол кезде біреуі қарсыласын пышақпен жарақаттаған. Жасөспірімді ауруханаға жеткізген. Жарақаты ауыр болмағасын үйіне жіберілген.

Қазіргі кезде төбелеске қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабына сәйкес тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Миражан Махан
Бөлісу: