Асан мен Үсен

9 Тамыз 2016, 04:02

Жұмаділ Жарқынбек

Асан бай баласы,  Үсен жарлы баласы.  Екуі бір қалада тұрады.  Үсен универиститетті  журналистика мамандығы бойынша табандап тұрып,  тозып жүріп төрт жылда таусты -ау әйтеу. Қалтасындағы теңгесімен  емес,  басындағы зердесімен дейді айтушылар. Демеп жіберер сабазы болмағасын біраз жүріп,  диплом деген қағазының арқасында  тентіреп теле арнаға тілші болып орналасты.

Асанның өмірі оңайлау болды. Көк қағаздың күшімен көкесінің мысымен дейді көргендер.  Барылдап бейне байян түсірді де, ау демейтін қазақ қалмаған,   әжаптәуір әнші атанды.

Ән аспанында және бір жұлдыздың жарқырағанынна Үсен де өле қуанды. Бірінші болып Асаннан сұхбат алғанның бірі болды. <<Кешегі сал - серілердің сарқыншағы. Талай қыздың жүрегін жаулаған,  әйелдердің әлемін жаулаған, бүкіл қазақ ғашық болған әнші >>  деп айғайлады арнайы репартажында. Әр бағдарламасына құрметті қонақ ретінде шақырды,  Асансыз бағыдарлама алысқа бармайт деп,  онсыз шоу шоу емес деп шулады. Оған қосылып бүкіл халық шулады.

                                        ***

Жұлдызды тағам бағыдарламасы:

Қымбатты көрермендер бүгін бізде қонақта елімізге танымал әнші, еңбегі сіңген әнші Асан Басанбайев

– Асан сізге сұрақ,  айтыңызшы тамақты қалай жесе дұрыс деп ойлайсыз?

– Менше тамақты дұрыстап шәйнап жеген дұрыс.

–  Өзіңіз қалай жейсіз?

– Айтып отырмын ғой,  мен жақсылап шәйнап жеймін.

        Мінекій қымбатты көрермендер біздің жұлдызды әншіміз тамақты шайнап жейді екен,  өздеріңізде байқаған боларсыздар...

                                                       ***

Жұлдызды денсаулық бағыдарламасы :

Көктемдей көрікті көрермендер бүгін біздің бағыдарламада қонақта белгілі әнші, халық композиторы атақты жұлдызды әнші Асан Басанбайев қонақта.  Бағыдарлама жүргізушісі мен Үсен Түсенбайев.

–  Қош келдіңіз Асан мырза, айтыңызшы сау денелі болу үшін, аурмас үшін не істеу керек?

–  Дәрі ішіу керек.

–  Сіздің аурмауыңыздың сыры неде деп ойлайсыз? 

– Мен үш уақыт тамақ ішем түнде ұйқтаймын, тәңертең тұрам.

Міне қымбатты көрермендер біздің атақты әншіміз үш уақыт тамақ ішеді екен, түнде ұйқтап тәңертең тұрады екен.  Қандай ғажап сіздерде осыны біліп алыңыздар,  әрі сіздерде осылай істейсіздер деген ниетпен бағыдарламамызды аяқтаймыз.

                                               ***

Осылай да,  осылай әншінің ішіп -жегеннен бастап жүріп - тұрғанна дейін жіпке тізгендей етіп жылпылдап тұрып жеткізді. Сүйтіп Асанның есімін алты алашқа пәш етті. Енді көрермендер көк жәшіктен Әншісін көрмесе көмейінен ас өтпейтін болды.

Бір күні бейшара Үсенді басшылары жылы орыннан босатты да, Асанды әкеп орынна салды. Ондағы ойы көрермендер көңілінен шығу үшін екен. Үсекең өзі қатарлы жұмыссыздардың қатарын молайтып кете барды. Бір кездері өзі жарнамалаған жұлдызын енді жамандай бастады су жұқпас сұмпайы деп,  түк білмес топас деп, журналист болмақ түгіл,  мақаланың исі мұрынна бармаған  деп,  міне осылай  қарап жатқанша әлеуметтік желілерді айғайлата жатты.


Жұмаділ Жарқынбек

 

Бөлісу: