Асад отбасымен бірге Мәскеуге келді – ТАСС

8 Желтоқсан, 22:51 1156

Сирия президенті Башар Асад елдегі азаматтық соғыстан соң Ресей астанасын паналаған. Бұл туралы Кремльдегі дереккеөзге сілтеме жасай отырып ТАСС мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Басылым Асадтың отбасы мүшелерімен бірген Мәскеуге келгенін, ал Ресей Федерациясының билігі оларға саяси баспана бергенін жазған.  Сирияның қарулы оппозициясының басшылары Ресейдің әскери базалары мен дипломатиялық мекемелерінің қауіпсіздігіне кепілдік бергені атап өтілді.

Бұған дейін сириялық көтерілісшілер Дамаскіні бақылауға алғаннан кейін президент Башар Асад биліктен азат етілгені мәлім болды. 

Зарина Арман
Бөлісу: