Қасқыр – құдай

30 Маусым 2014, 11:28

Көзi қарақты қандай да бiр этнограф не тарихшы болсын, түркi қасқыр мифiне әлемдiк үлгiлерден ұқсастық iздегенде, Римдегi Капитолий қаншық қасқырына бiр соқпай өтуi мүмкiн емес.

Көзi қарақты қандай да бiр этнограф не тарихшы болсын, түркi қасқыр мифiне әлемдiк үлгiлерден ұқсастық iздегенде, Римдегi Капитолий қаншық қасқырына бiр соқпай өтуi мүмкiн емес.

Рим аңызы бойынша, қала негiзiн қалаған ағайынды жiгiттер Ромул мен Ремнiң әкесi соғыс тәңiрiсi Марс болып саналады. Олардың Марсты өз қаласының желеп-жебеушiсi ретiнде пiр тұтатындығы да сондықтан. Әфсана бойынша әлдебiр бойжеткен (әрине, жар құшағын көрiп, күнәға батпаған жан) ғибадатханаға орналасады. Осында ол соғыс құдайы Марстың нақсүйерiне айналып, одан егiз ұл табады. Бiрақ бейшара қыздың соғыс тәңiрiсiмен төсек рахатын бөлiскендiгiне кiм сене қойсын (Мұндағы желi Шыңғыс хан ататегi мен жорықтарынан сыр шертетiн «Моңғолдың құпия шежiресiнде» де ұшырасады). Балалар күнәдан туылған жандар ретiнде далаға тасталынады. Мiне, осы жерде оларды қаншық қасқыр тауып алып, асырап бағады. Аман-есен ержеткен балалар кейiннен жауларынан кек алып, Тибр жағалауында әйгiлi Рим қаласының негiзiн қалайды.

Иә, түркiлiк қасқыр мифi мен рим аңызының ұқсастығында дау жоқ. Бiрақ неге тағы да қаншық қасқыр? Неге өзге аң емес, мысалы марал не аю? Олай болуы да әбден мүмкiн едi ғой.

Көне Римдегi Марс сенiмiмен (культi) таныс жан бұл сауал­ға тез-ақ жауап тапқан болар едi. Ежелгi Гре­ция­дағыдай Римде де мүсiн өнерi жақсы дамығаны белгiлi. Олар өздерi табынған құдайлардың бәрiне қаланың көрнектi жер­лерiне, ғибадатханалар мен құтханаларға қола не мәр­мәр­ден мүсiндер орнататын. Ал Марсқа келгенде, қала же­беушiсi емес пе, iлтипаттары мен мырзалықтары, тiптi, ерек­ше болатын. Олар Марс отырған тастұғырдың төңiрегiне бiр үйiр қасқырдың мүсiндерiн тағы да орнататын-ды. Ша­масы, бағзы Римде соғыс тәңiрiсi осы бiр қорқау жырт­қышпен астастырыла ұғынылған болса керек. Иә, Ромул мен Рем туралы әфсананы тудырушы Рим ақын-абыздары (неге екенi белгiсiз, оларды жергiлiктi халықтың сал деп ата­ған­дығы қызық. Бiздiң сал-серiлер солардың заңды жал­ғасы болмады ма екен) өз замандастарының осы құдай туралы сенiм-түсiнiктерiне қайшы келген жоқ. Олар аңызды бел­гiлi бiр дайын шеңбердiң iшiнде ғана жасап шығарды. Өйткенi, ырық бермес асау қиялдан туындады дегенмен ми­фо­логия да белгiлi бiр логикалық қисындарға сүйенетiн. Аңыз­дың түпнұсқасында қасқыр тотемi жатты.

Бiрақ қасқыр тотемiмен Марс қылышын, мейлi ол қас­­­­­­қыр-құдай қылышы болсын, тiкелей байланыстыруға бұл де­рек те аздық етедi. Ендi қасқыр тотемiнiң бағзы грек­терге, одан көне римдiктерге қалай жеткендiгiн, оны жеткiзген ха­лықтың кiм екендiгiн зерделеу керек. Әрине, олар про­то­түркiлер едi.

Әмiрхан Балқыбек, «Қасқыр құдай болған кез»

Бөлісу: