Петропавлдық құтқарушылар 71 жастағы әжейге көмекке келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жамбыл көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде газ плитасында пісіріліп жатқан тамақ қалып қойған. Ал 1953 жылы дүниеге келген зейнеткер әйел ванна бөлмесіне жуынуға барып, өз бетінше шыға алмаған.
Құтқарушылар тез арада пәтерге терезе арқылы кіріп, әжейге шығуға көмектесті. Осылайша ықтимал қауіптің алдын алды. Зейнеткерге медициналық көмек қажет болған жоқ, бәрі сәтті аяқталды,-деп атап өтті ТЖМ.