Қаржы пирамидасын жарнамалағандар жазаланады

8 Маусым 2022, 11:01 1760

Фото: altaynews.kz

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар қаржы пирамидаларына қатысты заңды қарады, деп хабарлайды El.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл заң жобаларының негізгі мақсаттары – қолданыстағы заңнамадағы құқықтық олқылықтарды жою арқылы жалған қаржы пирамидаларының кең таралуына депутаттардың жедел ден қоюы, сондай-ақ қаржы (инвестиция) пирамидаларын құру және жарнамалау үшін жауапкершілікті күшейту, - деді Мәжіліс депутаты Юрий Ли.

Заң жобалары мынаны көздейді:

- қаржы (инвестиция) пирамидаларын құру және басқару үшін санкциялардың жоғарғы шегін арттыру;

- қаржы (инвестиция) пирамидаларын жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілеу;

- сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған Ішкі істер органдарына немесе экономикалық тергеу қызметіне қаржы (инвестиция) пирамидаларын жарнамалау туралы қылмыстық істер бойынша тергеулігін айқындау;

- қылмыстық іс-әрекеттерді әкімшілік құқық бұзушылықтардан ажырату;

- құқығы жоқ тұлғалардың пайдасына жеке және заңды тұлғалардың ақшасын және өзге де мүлкін тартуға байланысты жарнама қызметіне тыйым салуды енгізу.

Бөлісу: