Арыстанбек Мұхамедиұлына тиесілі спорт мектебі мемлекетке қайтарылды

19 Шілде, 11:49 562

Алматы қаласы Жетісу ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша құны 1,2 млрд теңге болатын мемлекеттік мүлік қайтарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық прокуратурасының мәліметінше, 17 шілде күні Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебін сату жөніндегі мәмілені жарамсыз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді.

Cотта нысанның нарықтық құнын 551 млн теңгеге төмендету көрініс тапқан заң бұзушылықтар расталды.

Әкімшілік ғимараттардың, спорт залдарының және басқа да құрылыстардың 7,6 мың м2, сондай-ақ 4,9 га жерді құрайтын мектептің мүлкіне, А. Мұхамедиұлымен аффилиирленген тұлғаларға тиесілі «Nomad's Land» ЖШС иелік еткен, - делінген мәліметте.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: