Арыста екі адамды атып өлтірген үшінші күдікті ұсталды

12 Тамыз 2023, 00:40 941

Арыс қаласында екі адамды атып өлтіріп, тағы екеуін жарақаттаған үшінші күдікті ұсталды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

5 тамыз күні белгісіз біреулер Арыс қаласында салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, қарудан оқ атқан. Кейін қашып кеткен. Салдарынан үй иесі мен оның танысы алған жарақаттарынан көз жұмды, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.

Кеше қылмысқа қатысы бар деген күдікпен екі адам қолға түсті. Үшіншісі іздестіріліп жатқаны хабарланды.

ІІМ Криминалдық полиция департаменті мен Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын бірлесіп өткізген. Мәлім етілгендей, ұсталған үш күдіктінің бірі – тапсырыс беруші, қалған екеуі – орындаушы.

Перизат Саденова
Бөлісу: