Арыс тұрғыны 8 айлық сәбидің құлағынан алтын сырғасын шешіп алған

5 Наурыз, 19:00 1078

Түркістан облысында 29 жастағы әйел 8 айлық сәбидің құлағынан алтын сырғасын шешіп алған. Оқиға Арыс қаласындағы базарда болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, күдікті әйел базарда екі баласымен такси іздеп жүрген келіншекті байқаған. Жәбірленушінің қолында 2 жастағы қызы мен жол сөмкесі және 8 айлық сәбиі болған. Ол әйелге көмектеспек болып, сәбиді қолына алған. Яғни, таксиге дейін шығарып салар тұста нәрестенің құлағындағы сырғасын шешіп алған. Содан алтын бұйымды дереу ломбардқа өткізіп жіберген.

Полицейлер сырғаны заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдікті әйелдің бұдан басқа да қылмысқа қатысы бар-жоқтығы тексеріліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз: 

Перизат Саденова
Бөлісу: