«Арулар – Асыл жандар»: Астанада 8 наурыз мерекесіне арналған іс-шара басталды

4 Наурыз, 19:48 864

Астанада 8 наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы мен қалалық «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Арулар – Асыл жандар» атты мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Нәзік жандыларға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шараға көпбалалы және өмірлік қиын жағдайларға тап болған аналар қатысты.

Мерекелік жиынға қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазықызы қатысып, бала тәрбиесі туралы ой қозғады.

Бала керемет болу үшін не керек? Әрине, махаббат пен мейірім. Ата-аналар кем дегенде баланы күніне 8-12 рет құшақтап сүю керек, сөйлесіп ашық сұхбаттасу қажет, - дейді Оразкүл Асанғазықызы.

Айта кетейік, орталық көпбалалы, толық емес, жағдайы төмен отбасыларға, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға кешенді кеңес беру қызметтерін көрсетеді. Сонымен қатар отбасы институтын нығайтуға бағытталған шараларды ұйымдастырады.

Зарина Арман
Бөлісу: