Артық салмақтан арылуға көмектесетін өнім түрі аталды

24 Қараша 2023, 18:08 1144

Ресейдің бас терапевті Оксана Драпкина артық салмақпен күресіп қана қоймай, қандағы қант деңгейін төмендетуге көмектесетін өнімді атады. Бұл туралы Sport-express.ru-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сарапшы бүгінде көкөністер мен көк шөпті жасымықпен ауыстыруға болатынын да айтады. Оның құрамында ішектің, жүрек-тамыр жүйесінің жұмысын жақсартатын, буындар мен сүйектерді нығайтатын көптеген пайдалы компонент бар.

Жасымықтың түріне қарамастан - қызыл, жасыл, қоңыр, оның басты артықшылығы - ақуыздың жоғары мөлшерінде: 100 грамда күнделікті тұтынудың үштен бір бөлшегі бар, - дейді дәрігер.

Дәрігердің сөзіне қарағанда, бұл ақуыз оңай сіңеді. Аминқышқылдарының құрамы еттен кем емес, тиісінше спортшылар, ет жемейтіндер мен ораза ұстайтындар үшін таптырмас өнім.

Сонымен қатар жасымықта көптеген күрделі көмірсулар бар. Олар глюкозаның сіңуін баяулатады және осылайша қандағы қант деңгейін бақылауға көмектеседі.

Терапевттің айтуынша, сау ересек адамға аптасына 2-3 рет 200 грамм жасымық тұтыну жеткілікті.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: