Артық салмағының кесірінен Зарина Омарованың күйеуі бірге жүрмейтін болған

31 Қазан, 16:47 689

Әнші Зарина Омарова Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында он жылдай үйде отырып, өзінің сыртқы келбетіне мән бермей кеткенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі қалай салмақ тастауға шешім қабылдағанын айтты.

Мен баламен үйде отырғанда Ақтөбе қаласында тұрдық. Бір күні қонаққа бардық. Күйеуім ақша беріп, әдемі көйлек алуымды өтінді. Өзіме ұнайтын көйлек таппадым. Ұнатқан көйлектерім сыймай қалды. Ол кезде салмағым 95 келі болатын. Содан шақырған жерге бардық. Қара көйлек киіп бардым. Кілең бастықтар шақырылған және әйелдерімен жүр. Үйде отырған әйел бәрібір интернеттен неше түрлісін оқып отырса да, практика жүзінде басқаша көрінеді. Ол жақтағы әйелдердің шаш үлгісіне дейін ерекше көрінді. Бір кезде кісілер бірдеңе айтып, мені меңзегендей күлді. Күйеуім, маған қарап, "ана жаққа барып тұршы" деді. 20 минут өткеннен кейін, жүргізушіні шақырып үйге кетіп қалдым. Күйеуімді кінәлаған жоқпын. Өзімді жазғырып, таңға дейін жыладым. Түнгі 3-те отырыстан күйеуім келгенде, бәрін айттым. 8 жыл үйде отырмын. Енді мен сахнаға шығамын. Өзіме қарап, әдемі болғым келеді" деп жыладым. Содан жолдасыммен бәстесіп, салмақ тастауға шешім қабылдадым. Мен “арықтап, өзімнің қалпыма келемін, сен маған ақша бересің және сахнаға шығарасың” дедім. Ол берген уәдесінде тұрып, қалаған дүниемді сатып алып берді, – деді әнші.  

Әнші әйел ешқашан ер адамнан жоғары бола алмайтынын айтады.

Барлығы өз орнымен, уақытымен. Әр адам өз орнын білуі керек. Әйел адам да өз орнын білуі керек. Өз намысыңды, өзіңді таптатқызбау керек. Менің әжемнің әкемнің тәрбиесі солай, бойымда қалыптасып кеткен. Қазірдің өзінде көбі жеке шекара туралы көп айтады. Бірақ ешқашан әйел адам ер азаматан жоғары бола алмайды. Қандай қызмет етсең де, кім болсаң да жоғары бола алмайды. Себебі ол о бастан ер-азамат. Қазір неше түрлі еркектер де бар. Ондай еркектерді айтып отырған жоқпын. Менің ұғымымдағы ер-азамат басқа, - дейді ол.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: