«Артында жылап қалды дейтіндей ұрпағы жоқ»: Гүлзира Айдарбекова ажырасқан ұлы туралы

26 Қазан 2023, 18:40 3696

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова Мақпал Қаратайға берген сұхбатында кіші ұлы Заңғар Нұртастың неліктен ажырасқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қатты қиналдым. Енелік тәрбием дұрыс болмаған соң, келінім кетіп қалған сияқты болды. «Гүлекенің келіні кетіп қалыпты» деген сөздің өзі маған ауыр тиді. Оның (ұлының бұрынғы әйелі) іздеген әлемі басқа болды. Біздің әлемге келісе алмайтынын балам да, өзі де түсінді. Содан кейін жай ғана бөлінгенін қаладық. Олар әлі жас, артында жылап қалды дейтіндей ұрпағы жоқ. Ол жерде бір немере болса, мен жабысып қалатын едім. Қандай қиындық болса да шыдайтын едім. Ол да мүмкін өз бақытын тауып қалар. Заңғар да өз бақытын тауып қалар. Екеуі бір-бірінің адамы емес екен ғой деген тұжырымға келдім. Соған көндім, - деді Айдарбекова.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: