Қарттар күні. Қарағандылық қариялар ақшалай көмек алады

29 Қыркүйек 2022, 08:05 2360

Өңір тұрғындарына біржолғы көмек көрсетуге 460 миллион теңге бөлінді, оның 45 миллионға жуығы — бюджеттен тыс қаражат.

Қарағанды облысында Халықаралық қарттар күніне орай біржолғы материалдық төлемдерді 58,6 мың адам алады, деп хабарлайды EL.KZ.

Өңір тұрғындарына біржолғы көмек көрсетуге 460 миллион теңге бөлінді, оның 45 миллионға жуығы — бюджеттен тыс қаражат.

Қоғамдық ұйымдар мен қорлар аймақтың қарт тұрғындары үшін қайырымдылық акцияларын өткізеді. Мерекелік іс-шаралар да жоспарланған. Қалалар мен аудандарда бұқаралық шаралар, жарыстар, байқаулар мен түскі астар ұйымдастырылады.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына азық-түлік себеттері тапсырылып, киім түрінде көмек көрсетіледі. Жеке сектор тұрғындарына алдағы жылыту маусымына қарай көмір мен отын сатып алуға көмек беріледі, - деп хабарлады Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында.

EL.KZ
Бөлісу: