«АрселорМиттал Теміртау» шахтасындағы апаттың себебі белгілі болды

3 Қараша 2022, 11:01 1743

Көмір департаментінің директоры апат себебін түсіндірді

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің директоры Ленин атындағы шахтадағы апаттың себебін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің директоры Арман Қалықов Ленин атындағы шахтада болған апаттың себебін мәлім етті.

«Үшінші қараша күні сағат 03.03-те Ленин атындағы шахтада газды дренажды ұңғымаларды бұрғылау кезінде метан газы кенеттен тарап кетті. Апат кезінде шахтада жер астында 106 адам болған. Оның 101-і эвакуацияланды. 5 адам қайтыс болды, қазіргі уақытта төрт адам ауруханада жатыр. Қазір авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Біз қаза тапқандардың отбасыларына, кеншілеріміздің әріптестеріне көңіл айтамыз. Қаза тапқандардың, зардап шеккен шахтерлердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі», - деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің директоры Арман Қалықов.

Қазіргі уақытта жедел штаб кеңес өткізуде. Болған жағдайдың себептері мен мән-жайларын анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылды.

EL.KZ
Бөлісу: