"АрселорМиттал Теміртау" меншік иесінің ауысуы жұмысшылар алдындағы міндеттемелерге әсер етпейді - В.Басин

29 Қазан 2023, 13:48 926

 "АрселорМиттал Теміртау" меншік иесінің ауысуы қызметкерлер алдындағы міндеттемелерге еш әсер етпейді, деп хабарлацйды El.kz ақпарат агенттігі Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Алда төлем шарттары, әлеуметтік кепілдіктер сақталатын болады. Шахталарда бірінші кезекте еңбек қауіпсіздігін арттыруға назар аударылады. Бұл туралы Вадим Басин мәлімдеп отыр. 

Кеше Мемлекет басшысы қаза тапқан және зардап шеккен кеншілердің туыстарымен кездесуде компанияның проблемалық активтеріне қатысты инвестормен қарым-қатынас тоқтатылатынын мәлімдеді. Бұл ретте бір жайт ерекше атап өтілді, және де компанияның бүкіл ұжымына бірден айта кетілгені: жұмыс шарттарында, төлемдерде, әлеуметтік кепілдіктерде ешқандай өзгерістер болмайды. Оларды жақсарту тұрғысынан ғана қайта қаралатын жағдайлар қалады. Бұл компанияның әрі қарай жұмыс істеуі және әлеуметтік жауапты болуы үшін қажетті шарт. Ұжымның бірде-бір мүшесі жұмыстан шығарылмайды, ұжымның бірде-бір мүшесінің құқығы төмендетілмейді,  деп атап өтті Вадим Басин.

Шахталарда бірінші кезекте еңбек қауіпсіздігін арттырумен және негізгі қорларды жаңартумен айналысатын болады.

Қазір қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарына психологиялық көмек көрсетілуде. Кәсіби психологтар жұмыс істеп жатыр.

Жедел желі жұмыс істеуде: Қарағандыда (8-7212) 51-72-23 (ТЖД), (8-7212) 49-72-70 ("АрселорМиттал Теміртау") және Астанада – (8-7172) 70-41-08.

Асқар Таудай
Бөлісу: