Компания өзінің менеджері Палаватху Кришнан Наир Биджуға 2021 жылға 375,9 миллион теңге немесе айына 31,3 миллион теңге немесе күніне 1,01 миллион теңге төлеген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Finance.kz телеграм арнасы жазды.
2022 жылға арналған деректер жоқ. Компания оны Қаржылық есеп депозитарий порталына жүктемеген. Алайда оны 31 тамызға дейін жасау керек еді. 2020 жылы Палаватху Кришнан Наир Биджу 344 миллион теңге алды. 2019 жылы оның алдындағы Парамжит Сингх Калон 328 миллион теңге алған, - деп жазды Finance.kz.
2022 жылдың тамызында ұсынылған соңғы есеп бойынша АрселорМиттал 2021 жылы 215 миллиард теңге таза пайда тапқан.