Депутат Ерлан Саиров Қатонқарағай, Зайсан, Арқалық қалаларындағы әуежайларды қайта қалпына келтіру мәселесіне қатысты көлік министріне сауал қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәжілісмен президент өз жолдауында Шығыс Қазақстандағы Қатонқарағай, Зайсан әуежайларын қайта қалпына келтіріп, аз орынды ұшақтар сатып алу жөнінде тапсырма бергенін еске салды.
Сондай мәселе Арқалық қаласындағы әуежайға да қатысты. Яғни Арқалық қаласында және Қатонқарағай, Зайсанда әуежайды салып, аз орынды ұшақтарды қалпына келтіру керек. Бұл тапсырмалар қашан орындалады? – деді депутат.
Аталған сауалға көлік министрі Марат Қарабаев екі жер бойынша ұшу-қону алаңын айқындағанын айтты.
Бұл Қатонқарағайда Солдатов, ал Зайсанда Сәтбай деген жерде болатын болды. Жалпы бір жарым мың шақырымға дейін ұша алатын үлкен ұшу-қону алаңын жасаймыз. Оның ұзындығы 2200 шақырым болады. Сонда Алматыдан тікелей Қатонқарағай мен Зайсанға ұшу мүмкіндігі болады. Нақты мерзім бойынша биыл жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, келесі жылы толық құрылысын бастаймыз. Ал Арқалықтағы әуежаймен әкімдік айналысып жатыр, – деді Қарабаев.
Министр Арқалық, Қатонқарағай, Зайсан әуежайларын қалпына келтіру толығымен 2026 жылы аяқталатынын айтты.