Арменияда газ құю бекетінде жарылыс болды

26 Мамыр, 23:11 532

26 мамырда Арменияның Лорий облысының Алаверди қаласында орналасқан газ құю бекетінде жарылыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Армения ІІМ мәліметінше, жарылысқа су тасқыны себеп болған.

Елдің солтүстігінде толассыз жауын жауып, Дебед, Агстев және Ташир секілді өзендер арнасынан тасыды. Салдарынан қалаларды су басып, көпірлер мен жолдар бұзылды.

Алдын ала болжам бойынша, бір адам суға құлап көз жұмған, оның денесі әлі іздестіріліп жатыр.

Су басқан аймақтардан 232 адам эвакуацияланды.

Зарина Арман
Бөлісу: